СOVID-19: Ресей мен Үндістанда КВИ-ден қайтыс болғандар саны күн санап артуда

8 Тамыз 2021, 16:47
13552
Бөлісу:
СOVID-19: Ресей мен Үндістанда КВИ-ден қайтыс болғандар саны күн санап артуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда бір күнде коронавирустық инфекциядан 500-ге жуық адам қайтыс болды. 

COVID-19 жұқтырудың тағы 39 070 жағдайы анықталды. КВИ фактілерінің жалпы саны 31 934 455-ке дейін жетті. Осы уақытқа дейін COVID-19 індеті елде 427 862 адамның өмірін қиды. 

Қазіргі уақытта Үндістанда ауруханалардың қарқынды терапия палаталарында 406 822 азамат ем қабылдауда. Ауру жұқтырғандардың 43 910-ы сауығып ауруханалардан шығарылды.

Ресейде тәулігіне 22 866 жаңа COVID-19 жұқтыру дерегі тіркеліп, 787 адам қайтыс болды. Мұндай мәліметтерді Ресейдің коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы жедел штабы жариялады. Ең көп факті Мәскеуде (2 761), Санкт-Петербургте (1 907) және Мәскеу облысында (1 527) анықталды. Жалпы пандемия басталғаннан бері Ресейде 6 447 750 COVID-19 және 164 881 адам қазасы тіркелді. 

18 қаңтардан бастап Ресейде COVID-19-ға қарсы ауқымды вакцинация жүргізілуде.

Қазіргі уақытта елде коронавирусқа қарсы төрт вакцина тіркелген: «Спутник V», «Спутник Light», «ЭпиВакКорона» және «КовиВак».

Айта кетейік, 8 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 918 адамның жағдайы ауыр,

• 405 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр,

• 122 науқас қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы