Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев хабарлады. Оның айтуынша, 6 қазан күнгі жағдай бойынша мегаполисте індет жұқтырған 423 жағдай тіркелген.
Оның 394-і – симптомдық белгілері бар және 29-ы симптомсыз көрінеді.
Барлығы 158 адам вирустан емделіп шықты. Инфекциялық стационарларда 3 179 төсек-орын болса, жалпы саны 1 477 адам емделіп жатыр. Олардың 56-ы балалар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 170 адам ем қабылдауда, - деп атап өтті Нариман Табынбаев.
Сондай-ақ 32 өкпені жасанды желдету аппараты, 81 инвазивті емес ӨЖЖ, High flow-да 46 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 433 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3 294, симптомсыз 139 науқас бар, - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин «дельта» штамы бір елдерге ерте, бір елдерге кеш келетіндігі туралы айтқан болатын.