Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауында әкімшілік әділет саласын кеңейту қажет деп атап өтті.
Осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды салалық нормативтік құқықтық актілерге көшіру мәселесі бөлігінде әкімшілік әділет аясын кеңейту ұсынылады.
Сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылықтарды болмашы, елеулі және өрескел құқық бұзушылықтар санатына (олардың әрқайсысында құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне байланысты айыппұлдың шекті мөлшері қамтылатын) градациялауды көздеу және кәсіпкерлік субъектілерінің санатына байланысты айыппұлдың мөлшерін айқындау (сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгілеу) кезінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру қажет.
Осы мәселелерді шешу үшін келесі тетіктерді қарастыру ұсынылады:
1) салалық заңдарда кейіннен тиісті шешім шығара отырып, лицензияның қызметін, қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ одан айыру, тізілімнен алып тастау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыретін белгілеу жатады;
2) салалық заңдарда уәкілетті мемлекеттік органдардың/лауазымды адамдардың жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін түпкілікті негіздерді белгілеу болып табылады;
Ұсынылып отырған тетікті іске асырған жағдайда, мемлекеттік органдарға мынадай талаптарды сақтау қажет:
тек ең маңызды себептерді көрсету қажет, өйткені адамның қызметі табыстың жалғыз көзі болуы мүмкін;
- жұртшылықтың «наразылығын» барынша азайту мақсатында, мемлекеттік органдар өкілдерінің екі жақты түсіндіру мүмкіндігін ескерте отырып, «нақты» негіздерді жазу;
- егер жағымсыз салдардың туындау мүмкіндігі болса, тұлғаның қызметін, рұқсат беру құжатының әрекетін тоқтата тұру, тізілімнен уақытша алып тастау;
- жағымсыз салдар туындаған кезде-қызметке тыйым салу, рұқсат беру құжаттарынан айыру, тізілімнен шығару.
Сондай-ақ, тиісті рәсімнің басталу себептерін, уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне/әрекеттеріне шағымдану мүмкіндігін қарастыру қажеттігі туралы айтылады.
Осы тармақ салалық заң мен ӘТК-нің байланыстырушы буыны болып табылады, өйткені мемлекеттік органның тиісті шешіміне шағымдану соңғысы белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізілетін болады.
Заң жобасында мыналарды қарастыру ұсынылады:
- қоғамдық жұмыстарды әкімшілік жаза түрлеріне жатқызу;
- сот қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза қолданатын ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігіндегі құрамдарды айқындау;
- қоғамдық жұмыстарды әкімшілік жазаның негізгі немесе қосымша шарасы ретінде анықтау;
- қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысының орындалуына жауапты мемлекеттік органның анықтамасы, сондай-ақ оны орындау тәртібі (тетігі) ;
- орындау мүмкін болмаған жағдайларда (айыппұл төлеуге мүмкіндігі жоқ адам қоғамдық жұмыстармен алмастыруға келісуі мүмкін), сондай-ақ адам оны орындаудан жалтарған жағдайларда тағайындалған жазаны ауыстыру мүмкіндігі;
- құқық бұзушының келісіміне қарамастан немесе құқық бұзушылардың ерікті келісімімен сот шешімі бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту және т. б.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-де құқық қолдану практикасында ӘҚБтК-ге тиісті түзетулер, сондай-ақ әкімшілік-деликтік заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізу арқылы заңнамалық реттеуді талап ететін бірқатар құқықтық олқылықтар мен коллизиялар анықталды.
Сондай-ақ, санкциялары рұқсаттан айыруды, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе оған тыйым салуды көздейтін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау бойынша сот пен соттан тыс сатылар арасындағы өкілеттіктерді кезең-кезеңімен ажырату туралы айтылған.
Заң жобасын қабылдау, бір жағынан, оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соғады, өйткені ол Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын біркелкі қолдануды, азамат (ұйым) мен мемлекет (лауазымды адамдар) арасында қалыптасатын қатынастарда тұрақтылық пен құқықтық сенімділікті қамтамасыз етеді.
Алайда, заң жобасын қабылдау, мысалы, жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелуі мүмкін. Мысалы, әкімшілік әділет салаларын кеңейту мәселелері. Реттелетін субъектілер әкімшілік әділет саласының кеңеюіне наразы болуы мүмкін, өйткені лицензияның қызметін, әрекеттерін тоқтата тұру, сондай-ақ одан айыру туралы шешімді сот органдарының орнына уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайды.
Министрлік ұсынылған тетік мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланулар жасау тәуекелдерінің артуына әкелуі мүмкін, соның салдарынан мемлекеттік органдарға деген сенімге теріс әсер ететін «мүдделер қақтығысы» болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі жетілдіруге қатысты
Құқық қолдану практикасында ӘҚБтК-ге тиісті түзетулер, сондай-ақ әкімшілік-деликтілік заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізу арқылы заңнамалық реттеуді талап ететін бірқатар құқықтық олқылықтар мен қайшылықтар анықталды.
Заң жобасында әкімшілік-деликтілік заңнаманы жетілдіру бойынша ӘҚБтК-ге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар көзделген, олар мынадай мәселелерге қатысты:
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізудің ерекше тәртібін белгілеу және соттың (лауазымды адамдардың) төтенше жағдай режимі жағдайында істерді қарау мерзімдерін тоқтата тұру құқығы;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде күштеп әкелуді қолдану мәселелерін регламенттеу;
- соттардан санкцияларымен тек сот тәртібімен қолданылатын жазалар көзделмеген белгілі бір құрамдарды мемлекеттік органдардың ведомствосына беру;
- санкциялары рұқсаттан айыруды, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе оған тыйым салуды көздейтін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау бойынша сот пен соттан тыс сатылар арасындағы өкілеттіктерді кезең-кезеңімен ажырату;
- жаңа әкімшілік жауапкершілікті енгізу, қолданыстағы әкімшілік жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікті алып тастау және жеңілдету және т. б. (қажет болған жағдайда).