«Сотталмады» деген анықтама талап етеді. Қоғам белсендісі Алтын алқа наградасы туралы айтты

16 Қараша 2021, 19:45
1739
Бөлісу:
«Сотталмады» деген анықтама талап етеді. Қоғам белсендісі Алтын алқа наградасы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі Уайс Ерсайынұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

«Алтын» және «Күміс алқа» наградаларын беру тәртібін де қайта қарау қажет. Себебі награданы беру үшін жұмысқа қабылдағандай құжат талап етеді. «Сотталмады» деген анықтама талап етеді, - деді Ерсайынұлы.

Ол атағандай, пандемия кезінде мемлекеттік орган онлайн қызмет көрсете бастады.

Алайда кейбір қызметтер бойынша цифрлық интеграциялар әлсіз. Жұмыспен қамту бөлімі Еңбек министрлігіне қарайды. Ондағы барлық мәртебе көрініп тұруы керек. Құжаттарды талап етіп, тұрғындарды сабылтуға болмайды,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы