Сотталғандар тарихи-өлкетану музейіне барды

10 Қазан 2020, 12:47
1352
Бөлісу:
Сотталғандар тарихи-өлкетану музейіне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арал аудандық пробация қызметі мен «Жас Арал өрендері» қоғамдық бірлестігі  есептегі  30-ға жуық сотталғанды аудандық тарихи- өлкетану музейіне алып барды, деп хабарлады Арал аудандық пробация қызметі.

Олар музей қорындағы оң мыңнан аса баға жетпес дүниелердің тарихымен танысты. Тамыры тереңде жатқан, небір құнды жәдігерлер сақталған музей 6 көрме залынан тұрады. 

Музейдің ғылыми қызметкері  есептегі азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып, археология, этнография, өнер мен әдебиет, өлке тарихы, Тәуелсіздік залы және  Арал қаласының тарихынан сыр шертетін  залдарды аралап,  артына өшпес мұра қалдырған өлкемізде өмір сүрген би-шешендер,батырлар өнер иелері туралы мол мағлұмат берді, - делінген хабарламада.

Экспозициялық залдары бойынша музей қорындағы құнды экспонаттармен жақын танысқан сотталған азаматтар музей қызметкеріне ризашылықтарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы