«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны еліміздің сот жүйесі, судьялардың жұмысы, ондағы кадр мәселесіне арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әділ төрелігін айтатын судьялар үшін заң білу жеткіліксіз. Бастысы, бейадал әрі ақ болуы шарт. Елдегі бір өкініштісі, сот жүйесі соттардың қателігі, заң мен судья этикасын бұзудан әлі де арыла алмай келе жатқаны жасырын емес. Мұны жұрт ауыр қабылдап, сотқа деген сенімсіздік осыдан туатыны белгілі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдерін енгізу туралы ұдайы айтып келеді. Сонымен қатар сотқа сенімді күшейтіп, кәсіби мамандарды тартуға ынталандыруды тапсырды.
Әр жылдары жетілдірілген заңдардың арқасында енгізілген арнайы алқабилер соты қандай істерді қарайды? Олардың құзыреті қандай? Сот төрелігі академиясы қандай жұмыс атқарады? Қайтсек сот жүйесіне деген қоғамның сенімін арттырамыз? Арнайы репортажда осы және өзге де сұрақтарға жауап берілді.
Еске сала кетейік, «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының өткен саны ауыл әкімдерін сайлау тақырыбына арналған болатын.