Қызылорда, BAQ.KZ. Облыс прокуратурасының қатысуымен өткен жылғы қылмыстық істер мен олардың заттай дәлелдемелеріне тексеру жүргізу барысында мемлекеттік сот орындаушылардың заң бұзушылықтар болғаны анықталды. Бұл туралы Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
"Мәселен, 2011 жылы бір топ адамға қатысты көрінеу қылмыстық жолмен табылған мұнай өнімдерін иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында күдікті тұлғалардан 100 мың евро, 10 мың АҚШ доллары және 5 млн теңге мөлшерінде ақша алынып, олар сақтау үшін Ұлттық банктің Қызылордалық филиалына тапсырылған. 2015 жылы сот үкімімен топтың барлық мүшесі түрлі жазаға тартылып, жоғарыда көрсетілген қаражат мемлекет пайдасына тәркіленген. Алайда, сот орындаушылары күні бүгінге дейін үкімді орындалмай, ақша сол күйі сақтауда жатқан" - делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісімен аталған қаражат толығымен мемлекет кірісіне аударылды.