Сот-медициналық сараптаманың мерзімі жеделдетілді – Бекетаев

4 Маусым 2021, 12:26
3118
Бөлісу:
Сот-медициналық сараптаманың мерзімі жеделдетілді – Бекетаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің бірнеше ірі қаласы мен облыстарында қылмыстық істер бойынша жекелеген сараптама түрлерін бәсекелестік ортаға беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев айтты.

Оның айтуынша, Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігімен бірлескен бұйрық аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Қостанай және Павлодар облыстарында қылмыстық істер бойынша жекелеген сараптама түрлерін бәсекелестік ортаға беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған.

Осылайша, 3490 сараптама жүргізілді. Пилот оң нәтиже көрсетті. Сараптама өндірістерінің мерзімі қысқартылды және мемлекеттік сарапшыларға ауыртпалық төмендетілді. Бұл бағыттағы жұмыс сараптама түрлерінің санын ұлғайту жолымен жалғасатын болады, - дейді Бекетаев.

Оның айтуынша, сот-сараптама органдарының инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында сот сараптама институтының үлгілік ғимаратының құрылысы салынып жатыр.

Сот сараптамасы органдары медициналық қызметкерлеріне зиянды еңбек жағдайы үшін 30-дан 45 пайызға дейін қосымша еңбекақысы көтерілді. Әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында жалақы төлеудің факторлық-балдық шкала жүйесі енгізілді. Депутаттар бастамашылық еткен сот-сараптама қызметі мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулер жобасы Мәжілістің қарауында. Заң жобасын қабылдау сот-сараптама қызметі нарығында бәсекелестікті құруға, жеке сот сарапшылары қызметінің ашықтығын, сапаны жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот сараптамасы органдарының қызметін оңтайландыруға мүмкіндік береді, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы