Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Соттар қаралған қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың басым бөлігін осындай негіздер бойынша бас бостандығынан айыруды көздемейтін жазалау шараларына соттады, атап айтсақ, 214 адамның ішінен 194. Бостандыққа жіберілген адамдардың көпшілігі Алматы қаласының еншісінде – 145, Алматы облысында – 38, Түркістан облысында – 4-еу, Көліктегі ПД – 5-еу, Жамбыл мен Ақмола облыстарында 1 адамнан, - деді Әділов.
Оның айтуынша, Алматы қаласында тағы 6 адамға қатысты қылмыстық істер тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.
Мысалы, Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында үш адам «Корған» дүкенінен арнайы киім мен аңшылық пышақтарын жымқырған. Кейіннен күдіктілер ұсталынып, күзетпен ұстауға алынды, тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Алматы қаласы Алмалы ауданының сотына жолданды.Кінә мойындалғандықтан және келтірілген залалдың орны толтырылғандықтан сот көрсетілген адамдарды 2 жылға бас бостандығынан айыруға соттады және сот залында оларды күзетпен ұстаудан босатты, - деді ол.