Биылғы түлектер "соңғы қоңырауын" қалай атап өтеді?

19 Мамыр 2020, 16:42
2971
Бөлісу:
Биылғы түлектер "соңғы қоңырауын" қалай атап өтеді?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Білім беру басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, биыл мектеп бітіру жиынына аниматорларды, мерекелік агенттерді, жекеменшік студияларды қатыстыруға тыйым салынады. 

Мектеп бітіру шарасын асыра тойлауға, мерекелік дастархандар ұйымдастыруға, қала бойынша жалға алған көліктермен экскурсияға шығуға тыйым салынған, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 6 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін 276 мыңнан астам оқушының және 66 мыңнан астам колледж студенттерінің қашықтан оқытуы ұйымдастырылғанын жеткізді. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыландыру және демеушілердің арқасында барлық оқушы мен 18 мыңнан аса оқытушы 100 пайыз компьютер, интернет желісімен қамтамасыз етілген.

Сөз арасында ол 9 бен 11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау жүргізілмейтінін айтты.

Биылғы оқу жылында Алматы қаласының мектептерін 9299 түлек тәмамдайды. Оның ішінде 545 оқушы "Алтын белгіге" үміткер. Биыл 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау жүргізілмейді. Аттестат биылғы оқу жылы бағалары негізінде қойылады, - деді ол. 

Биылғы мектеп бітіру шарасы мынандай кесте бойынша жүргізіледі:

- 22 мамыр күні сағат 11.00-де кәсіптік бағдарлау бойынша барлық 11-сынып түлегі үшін "Балапан" және "Еларна" телеарналарында бірыңғай телесабақтары жүргізіледі;

- 21 мамыр күні сағат 11.00-де ҚР Білім және ғылым министрінің және қаладағы білім саласы өкілдерінің онлайн құттықтаулары жүргізіледі;

- 25 мамыр күні кесте бойынша 1-10-сыныптар үшін онлайн сынып сағаттары соңғы қоңырау өткізіледі;

- 3-4 маусымда мектептерде 11-сынып түлектеріне аттестат табыстау бойынша салтанатты шара жүргізіледі. 

Сонымен қатар, ол санитариялық талаптардың және басқа да қауіпсіздік шаралардың орындалуы ерекше бақылауда жүргізілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы