Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Басқа елден ПТР анықтамасынсыз келген азаматтар карантиндік сатционарларға жатқызылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирустық инфекцияның елордада таралуы және Нұр-Сұлтан карантин режимінің сақталуын бақылайтын мониторинг тобының жұмысы туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева айтты.
Оның айтуынша, қазан айының екісі мен желтоқсанның оны аралығында 2 елордағы 283 рейспен 35 450 адам келді. Оның ішінде 30767 адамның ПТР анықтасы теріс. Ал 15 азамат депортацияланды.
Шетелден келген ел азаматтарын қолында анықтамасы болмаса елде оларды жіті тексереміз. Осы күнге дейін 4688 азамат карантидік стационарға жіберілді. Сонда-ақ көлік өткізу пункттері де назардан тыс қалмады. Сол арқылы да өзге елден келген азаматтарға сараптама жасалып отыр. Қазан айынан бастап елордаға автоөтпе жолдар арқылы барлығы 4197 адам келген. Олардың ішінде жұқтырудың 6 жағдайы жүк тасымалдаушылар арасында тіркелген, - деді ол.Еске сала кетейік, елордада санитарлық талапты бұзған мекемелерге 28 млн теңгеден астам айыппұл салынған туралы осыған дейін жаздық.