Соңғы аптада елімізде тұмау жұқтырғандар көбейді

21 Ақпан 2023, 16:10
1961
Бөлісу:
Соңғы аптада елімізде тұмау жұқтырғандар көбейді
Фото: egemen.kz

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады. 

Эпидемиологиялық маусымның басынан, яғни 2022 жылғы 1 қазаннан бастап ЖРВИ-дің 3,5 млн жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2,3 млн жағдай, бұл 66 пайызды құрайды. Өткен аптамен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың 1,5 есе төмендеуі байқалады. Тұмаудың 3213 жағдайы (тұмау В – 2205, А(H3N2) – 30, А(H1N1) – 978) тіркелді, - деп атап өтті Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы. 

Белгілі болғандай, осы аптада тұмау жұқтыру дерегі 11 жағдайға өскен. 

Тұмау жұқтыру аптасына 24-тен 35 жағдайға дейін көбейді. Басқа тұмаусыз инфекцияларға 15 420 үлгі тексерілді. Оның ішінде 1 591 сынамада оң нәтиже анықталды. Атап айтқанда, риновирус – 474 (30%), МС вирусы – 401 (25%), аденовирус – 208 (13%), парагрипп – 144 (9%), бокавирус – 104 (7%), метапневмовирус - 134 (8%) инфекцияларына тиесілі, - деді Роза Қожапова. 

Айта кетерлігі, эпидемияға дейінгі кезеңде қазан айында республика бойынша тұмауға қарсы 2,4 млн адам немесе республиканың жалпы халқының 12,7% екпе алған. Оның ішінде, 518 мың 14 жасқа дейінгі балалар мен 1,8 млн ересек адам иммунизациядан өткен. 

Өзгелердің жаңалығы