Сағынтаев: Өз үйіңе қалай қарасаң, қала көшелеріне де сондай жанашырлықпен қара

16 Қыркүйек 2020, 23:38
1597
Бөлісу:
Сағынтаев: Өз үйіңе қалай қарасаң, қала көшелеріне де сондай жанашырлықпен қара

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалықтардың «Алматы» ТА-ның Akimat Live бағдарламасының эфирінде қойылған сұрақтарына жауап бере келіп, қала әкімі нақтылы шаралары туралы әңгімеледі және алматылықтарды өз аулаларында, шағынаудандарында тәртіпті сақтауға шақырды.

Абаттандыру ережелерін сақтау қала үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз бәріміз үйімізде, пәтерімізде тәртіп пен тазалықтың болуын қадағалаймыз. Дәл осындай көзқарас қала көшелеріне қатысты болуы тиіс. Біз қала тұрғындарының бойына қалада тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыруымыз керек,- деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жеке тұлғаларға - ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Ағымдағы жылдың тамыз айында ғана Алматы қаласының абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 172 жеке тұлғаға 6,8 млн теңге, 25 заңды тұлғаға 2,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаланы тазартуға 13 мердігерлік ұйым жұмылдырылған. Магистральды  көшелер күніне екі рет, аудандық маңызы бар көшелер мен ортақ пайдаланылатын орындар күн сайын тазартылады.

Тұрмыстық қатқыл қалдықтар қоқыс тасымалдайтын 25 ұйымның күшімен сыртқа шығарылады. Күн сайын қала аумағынан шамамен 1200 тонна қалдық тасымалданады.

Барлық қалдықтар қоқыс сұрыптау кешенінде сұрыпталады, мұнда органикалық емес қалдықтар бөлініп, одан әрі өңдеуге жіберіледі. Қайта өңделмейтін биологиялық жағынан ыдырайтын қалдықтар Алматы облысы Қарасай ауданының Әйтей ауылындағы полигонға жіберіледі.

Қала аумағында макулатура мен әйнек қалдықтарын өңдейтін зауыттар бар. Бүгінгі күні қалдықтардың басқа түрлерін өңдеу өндірісін ұйымдастыру мәселесі зерттелуде және пысықталуда.

Өзгелердің жаңалығы