Сомалиде болған қатты нөсер салдарынан кемінде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Garowe басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, кейбір тұрғындар үйлерінің құлауынан көз жұмған. Қайғылы оқиға өткен түнде орын алған.
Қазіргі уақытта ел астанасы Могадишода тұрғындар су шұңқырына түсіп кеткені болжанған 11 жастағы баланы іздестіруді жалғастыруда.
Сонымен қатар, Garowe басылымы Бенадир аймақтық әкімшілігі мен Сомали үкіметінің ресми өкілдерінің оқиға орнында болмағанын сынға алған.
Айта кетейік, соңғы уақытта жауын-шашын салдарынан әлемнің түрлі аймақтарында да төтенше жағдайлар орын алуда. Мәселен, 1 мамырда Жаңа Зеландияның Кристчерч қаласы мен Селвин ауданында нөсерден туындаған су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.