Солтүстікте қағаз фабрикасы салынуда

15 Сәуір 2022, 07:18
2970
Бөлісу:
Солтүстікте қағаз фабрикасы салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында қағаз шығаратын фабрика салынуда. Бұл туралы СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін жұртшылық, кәсіпкерлер және журналистермен бірге экономикаға тың серпін беретін кәсіпорындар мен салынып жатқан нысандарға бардық, – деп жазды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әкімнің айтуынша, қазір құрылыс жұмыстары аяқталып қалған. 

Солтүстікте қағаз фабрикасы салынуда

 

Бірінші нысан – қағаз өнімдерін шығаратын фабрика. Мұнда құрылыс жұмыстары аяқталуда, жуырда жаңа қондырғыларды орнату басталады. Жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция құйылады. 80 жаңа жұмыс орны ашылады. Фабрика 5 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр. Бұл елдің кеңсе және гигиеналық қағазға деген қажеттілігінің 16%-н жаба алады, – деді Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы