Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің деңгейі көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райын болжаушы мамандардың айтуынша, бұған мұздың қатуы, жаз бойы жауған жаңбыр мен жерасты суының көтерілуі себеп. Өңірдегі гидробекеттерден алынған мәлімет бойынша Есіл былтырға қарағанда 75 сантиметрге дейін жоғарылаған. Қазір Сергеев су қоймасынан көктемнен бері тоқтамай ағып жатқан судың деңгейі 4 сантиметрге төмендеді. Мамандар алаңдауға еш негіз жоқ екендігін айтады.
Есіл өзенінің көтерілуі көктемгі тасқынмен байланысты. Табиғи құбылыс барлық су қоймасында байқалады. Өйткені биыл ылғал шамадан тыс көп болды. Сергеев су қоймасынан төгіліп жатқан ағыс желтоқсанның соңына қарай тоқтауы тиіс. Содан кейін гидронысанды босату басталады, - дейді «Қазгидромет» МКК СҚОФ директорының орынбасары Наталия Левина.