Солтүстікке баратын қандастар саны артты

20 Қыркүйек 2024, 12:00
408
Бөлісу:
Солтүстікке баратын қандастар саны артты
Фото: BAQ.KZ -архив

Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин қандастарды елге қоныстандыру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл басынан бері елге бүкілі 12 325 қандас келді. Оның ішінде 7 169 қандас еңбекке қабілетті. Былтыр қандастарды елге қоныстандыру саясаты түбгейлі өзгерді. Осының нәтижесінде солтүстікке қоныс аударған қандастардың саны өсіп келеді, ал оңтүстікке келетін қандастардың саны азаюда. 

Атап айтқанда былтыр қандастардың тек 6 пайызы солтүстікке барса, биыл ол көрсеткіш 36 пайызға жетті. Бүгінгі таңда құжаттарды қабылдау «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Биыл берілген өтініштің 95 пайызы осы қосымша арқылы келіп түсті. Бұл өтініштерді қарау процесін жеңілдетуге мүмкіндік берді, - деді  Ерболат Абулхатин ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске сала кетейік, осыған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев биыл сыртқы көші-қонда оң динамика бар екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы