Биыл елімізге білімді адамдар көп келген

20 Қыркүйек 2024, 11:45
273
Бөлісу:
Биыл елімізге білімді адамдар көп келген
Фото: BAQ.KZ -архив

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев биыл сыртқы көші-қонда оң динамика бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады. Бұл көрсеткіш екі жыл бойы сақталып келеді. 2024 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша елімізге 14 мың адам келіп, 7 мың кетті. Елдердің бөлінісі бойынша көші-қон өсімі негізінен Тәуелсіз елдер Достастығы мен Қытай халқы республикасына тиесілі болып отыр. Білім деңгейі бойынша да оң көрсеткіш қалыптасып отыр. Мәселен, елімізге білімді адамдар көбірек келгені байқалады, - деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.

Ал ішкі көші-қон бойынша азаматтардың қозғалыс белсенділігінің өсуі байқалады. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе өсті.

Өзгелердің жаңалығы