Солтүстік Қазақстанда тағы бір ауыл тұрғындары эвакуацияланды

15 Сәуір 2024, 05:31
319
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда тағы бір ауыл тұрғындары эвакуацияланды
Фото: скрин

Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Үлкен Малышка ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Осыған байланысты халық пен ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СҚО ТЖД мәліметінше, өңірде 1751 (+65) үйді су басқан. 1713 (+65) үйлер су астында қалды.

Барлығы - 7477 (+79) адам эвакуацияланды, оның ішінде балалар – 1852 (+12), мүгедектер – 59 (+2), жүкті – 1. 7433 (+79) адам эвакуацияланды, оның ішінде 1844 (+12) бала. Эвакопунктте - 1308 адам бар, оның ішінде 237 бала. Туыстарында - 6125 (+79) адам, оның ішінде 1607 (+12) бала бар, - деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ 3805 (+276) ауыл шаруашылығы жануарлары: ірі қара мал - 764 (+114), ұсақ мал - 2189 (+136), шошқа - 394 (+6), жылқы - 458 (+20) эвакуацияланды. Су басқан аула аумақтары 1115.

Өзгелердің жаңалығы