Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл мектебінің төбесі опырылып түсті.
Мектептің акт залының төбесі құлаған сәттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Облыстық білім беру басқармасы ақпаратты растады.
Басқарма хабарлауынша, оқиға 4 сәуірде Аққайың ауданындағы Тоқушы мектеп-гимназиясының жапсарлас ғимаратында болған.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиға болған жерге тиісті орган өкілдері аттанды. Төбенің құлау себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деді басқармадағылар.
Алдын ала мәлімет бойынша, оның опырылып түсуіне іргетастың отырып қалуы мен төбеден аққан су себеп болған.
Мектепте жалпы саны 293 оқушы білім алады. Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін олар қашықтан оқитын болады.