Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жайылымдық жерлерді қайтарып берді

18 Қазан 2023, 17:48
637
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жайылымдық жерлерді қайтарып берді
Фото: gov.kz

СҚО прокурорлары жер қатынастары саласында талдау жүргізу кезінде елді мекендерге жақын жайылымдарды заңсыз беру бөлігінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының мәлімдеуінше, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 54 мың га ауылдарға жақын жерде 348 жайылымдық жерді заңсыз берген

Қадағалау органының шаралары бойынша облыс әкімдігі мен облыстың Жер ресурстарын басқару департаменті сотқа талап қою арқылы ауданы 38 мың га 247 жер учаскесін қайтаруды қамтамасыз етті, қалған учаскелер бойынша жұмыс жалғасуда.

Қадағалау органының ұсынымдары бойынша жайылым тапшылығын жою мақсатында әкімдіктер елді мекендердің жер көлемін 114 мың гектарға ұлғайтты, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен жайылымдарға қажеттілікті жоюға бағытталған меморандумдар жасалды.

Нәтижесінде өңірде ауыл халқы үшін жайылымдық жерлердегі тапшылық 538 мыңнан 386 мың га. дейін азайды.

Жер заңнамасын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы