Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің жедел әзірлемелерінің орбитасында биоресурстарды заңсыз өндірумен айналысатын қылмыстық топтар да бар. Бұл туралы BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында шаяндарды заңсыз аулаған адамдар тобы әшкереленді. 15 тоннадан астам шаян тәркіленді. Алдын ала болжам бойынша мемлекетке 200 млн теңге залал келтірілді. Қазан айында Батыс Қазақстан облысында бекіре тұқымдас балықтар мен уылдырықтарды заңсыз өткізу арнасы анықталды. Ұсталған топ балық өнімдерін жалған құжаттар арқылы базарларға жеткізіп отырған, – деп жазылған хабарламада.
Тінту кезінде 1,5 тоннадан астам бекіре балығы, шамамен 30 кг уылдырық, ақша және атыс қаруы тәркіленді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыс ІІМ басшылығының бақылауында.