Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқушыларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету мәселесi СҚО әкiмдiгiнiң отырысында талқыланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.
Биыл демалыстың әр түрлi түрлерiмен оқушылардың 100 пайызы қамтылады. Бұл 67 мың оқушы, былтырғы жылмен салыстырғанда 6 пайызға көп.
Солтүстiкқазақстандық балаларды 14 демалыс лагерi қарсы алуға дайын. Оның бесеуi сенiмгерлiк басқаруда. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов демалыс орындарын сенiмгерлiк басқаруға беру үрдiсiн одан әрi жалғастыру керектігін айтты.
«Бiзде жақсы мысал бар. Тайынша ауданында жеке кәсiпкер балалар лагерiн сенiмгерлiк басқаруға алып, нысанда жақсы жағдай жасау үшiн 18 млн теңге жұмсады. Облыс бойынша 5 лагерь сенiмгерлiк басқаруда. Оның санын көбейту керек. Тәжiрибе жүзiнде жүзеге асыруға болады. Бұл қазiр жақсы бизнес. Ел бойынша осындай тенденция бар. Колледждер, емханалар, мектептердi сенiмгерлiк басқару жүйесiне өткiзуде. Бiзге ең бастысы тарифтiң бағасы қол жетiмдi болу керек», - дедi Құмар Ақсақалов.