Солтүстік Қазақстанда вирустың өршіп кету себебі түсіндірілді

21 Қараша 2020, 11:15
1216
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда вирустың өршіп кету себебі түсіндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғалы бері мұнда науқастанғандарындың 16 пайызы қараша айында тіркелген, деп жазды Петропавловск.news. 

Облыс тұрғындары мұны өңірде тестілеу көрсеткішінің жоғары болуымен байланыстырады. Алайда облыстың сантарлық дәрігерлері бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Облыстың бас санитар дәрігерінің мәліметіне сүйенсек, күніне шамамен 1300-1500 тестілеу жасалады. Кейде бұл көрсеткіш 1700-ге дейін жетеді. Қараша басталғалы бері 26 мың тестілеу жүргізіліп, облыс халқының 27 пайызы тексеруден өтті. 

Облыста коронавирус жағдайының күрт өсуі тестілеу көрсеткішінің артуымен байланысты емес. Тестілеуден ЖРВИ белгілерімен келген науқастар өткізіледі. Қазір респираторлық вирустық аурулардың қозатын кезі. Осыған дейін тестілеу профилактикалық мақсатта жасалса, қазір тестілеудің 70 пайызы тұмау мен салқын тиіп сырқаттанғандарға жасалады, - дейді облыстық санитарлық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Кушбасов.

Өзгелердің жаңалығы