Солтүстік Қазақстан басшысы депутаттарды белсенділікке шақырды

31 Қазан 2019, 17:37
1633
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан басшысы депутаттарды белсенділікке шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс басшысы биыл Саумалкөлде 23 шақырым жол жөнделетінін айтты.

"Nur Otan" СҚОФ фракциясы өңiрдi дамыту жоспарының орындалуын талқылады. Облыста оң көрсеткiштер байқалуда. Өңiрдiң iшкi жалпы өнiмi 6,9% өсiп, 400 млрд теңгеге жеттi. Өндiрiс 11 пайызға ұлғайды. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов фракциялар белсендi жұмыс атқару керетігін айтты. 

"Биыл аграрлық салада жалпы өнiм 530-540 млрд теңгеге жетпек. Бұл әртараптандырудың арқасы. Кейбiр диқандар пайдалы бизпеспен айналысқысы келмейдi. Осы бағытта белсендi жұмыс керек", - дедi өңiр басшысы.

Облыста жолдарды жөндеуге көңiл бөлiнедi. Биыл 700 шақырым жол жөнделдi.

"Бiз Петропавл қаласынан аудан орталықтарына, одан әрi кейбiр ауылдарға жол тартамыз. Оған бiз болашағы бар ауылдарды таңдап жатырмыз. Биыл Саумалкөлде 23 шақырым жол жөнделдi, 17 көше қамтылды. Келесi жылы Бескөлде бұл жұмысты жалғастырамыз. Фрациялар жөндеу кезде бақылау жүргiзу керек", - дедi Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы