Солтүстiк Қазақстанда компьютерлер құрастырылуда

20 Тамыз 2020, 06:25
1131
Бөлісу:
Солтүстiк Қазақстанда компьютерлер құрастырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстанда Киров атындағы зауыт 5 мың компьютердi құрастыруға кiрiстi. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жылына кәсiпорын 30 мың дана техника шығара алады.

Зауыт қытайлық кәсiпорынмен бiрлескен келiсiмге қол қойған. Сонымен қатар, "Microsoft" корпорациясымен де келiсiм жасалған.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құрастыру процесiнiң барысын қадағалады.

Бұл жобаның бiзде болғаны өте маңызды. Бiрiншi кезең – компьютерлердi құрастыру. Екiншi кезең – платаларды шығару. Оған арнайы қондырғы бар. Бiз мамандарды Қытайға жiберiп, оқытамыз. Компьютерлерге сұраныс жоғары. Бiз қазiр мектептерге зауыттан шыққан 2 мың компьютердi алып жатырмыз. Көршiлес облыстар да қызығушылық танытып жатыр. Осы жобаның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылуда, салық өсуде. Тек бiрiншi партияның есебiнен зауыт бюджетке 120 млн теңге төледi, - дедi Құмар Ақсақалов.


Өзгелердің жаңалығы