Солтүстік Қазақстанда екі зауыт жаңғыртылады

29 Наурыз 2019, 14:31
2055
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда екі зауыт жаңғыртылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ - Солтүстік Қазақстан облысында екі зауыт модернизациядан өтеді. Бұл жөнінде облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасынан хабарлады. 


Басқарма ұсынған ақпаратқа сәйкес, қалпына келтіру жұмыстары 2020 жылы аяқталады. 

"Өткен жылдың қазан айында республикалық бюджет комиссиясының отырысында "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" және "Киров атындағы зауыт" кәсіпорындарын технологиялық жаңғыртуға 6,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды", - деді ведомстводан. 

Негізінен, 2018 жылы кәсіпорындарды модернизациялауға 3,3 млрд теңге қарастырылған. Осы жылы 1,5 млрд теңге бағытталса, 2020 жылы 1,9 млрд теңге бөлінеді. 

Сонымен қатар, ағымдағы уақытта 300-ден астам жаңа жабдық атауын сатып алуға келісімшарт жасалып қойған.
Өзгелердің жаңалығы