Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Соғыстың аяқталғанын қалайды": Зеленский мен Трамп келіссөз жүргізді

Бүгiн, 20:07
135
Бөлісу:
 AFP via Getty Images
Фото: AFP via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Давоста келіссөздер жүргізді. Кездесу жабық есік жағдайында шамамен бір сағатқа созылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дональд Трамп бұл кездесуді «өте жақсы» деп бағалады. Келіссөздерге оң баға бергендердің қатарында Зеленскийдің кеңесшісі Дмитрий Литвин де бар.

Кездесуде қандай мәселелер талқыланғаны жөнінде сұраққа жауап берген Трамп журналистерге «ары қарай не болатынын көресіздер» деп қысқа қайырды. Сондай-ақ ол ертең америкалық делегацияның ресейлік тараппен кездесу өткізетінін айтты.

Барлығы соғыстың аяқталғанын қалайды, — деді Трамп.

Украина президентінің баспасөз қызметі кездесудің БАҚ өкілдерінсіз өткенін түсіндіріп, әңгіме соңында екі ел басшыларының бірлескен брифингі жоспарланбағанын хабарлады.

Кездесу соңында президенттер шағын жеке әңгіме өткізді, — деді кейінірек Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров.

Президент кеңсесінің мәліметінше, Владимир Зеленский Швейцарияға тек Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін ғана емес, сонымен қатар Дональд Трамппен және энергетикалық компаниялардың өкілдерімен жеке кездесулер өткізу үшін келген.

 

Өзгелердің жаңалығы