Соғысқа қарсы Галкиннің концерті неге Қазақстанда өтпейді? - СІМ жауап берді

2 Қазан 2023, 16:53
1759
Бөлісу:
Соғысқа қарсы Галкиннің концерті неге Қазақстанда өтпейді? - СІМ жауап берді
VIDEO

Қазақстан ресейлік әзілкеш Максим Галкиннің концертін неге өткізбей отыр? Бұл Кремльдің өтініші емес пе? Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менің ойымша,(автор: саяси астары) жоқ, - деп жауап берді Смадияров министрлікте өткен брифингте.

БАҚ өкілі “әлеуметтік желіде ресейлік елшілік Қазақстан елшілігіне кейбір әртісті Қазақстанға жібермеу туралы ресми хат жолдаған деген ақпарат тарады. Бұл рас па?” деп нақтылады.

Бұл хат туралы бірінші рет естіп тұрмын. Халық өзі біледі, кімді тыңдап, кімді шақыру керегін. Меніңше, өнер мен мәдениет саясаттан тыс болуға тиіс, – деді СІМ-нің ресми өкілі. 

@baq.kz_ Қазақстан ресейлік әзілкеш Максим Галкиннің концертін неге өткізбей отыр? Бұл Кремльдің өтініші емес пе? Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров жауап берді👆🏻 #baqkz #сыртқыістерминистрлігі #айбексмадияров #концерт #максимгалкин #концертастана #мидрк #галкинконцерт #галкинвастане #кремль #россия #украина #концерты ♬ оригинальный звук - baq_kz
Өзгелердің жаңалығы