Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары Молдовада қаза тапқан кіші сержант Иван Чередниктің сүйегі Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қаза тапқан әскерді Молдован елі, Хынчешт ауданы Войнеск ауылы жанындағы кеңес сарбаздарының зиратынан тапты.
Иван Романович Чередник 1909 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы Троицк ауылында дүниеге келген. 32 жасында майданға аттанған сарбаздың артында әйелі мен үш баласы қалды. Ол соғысқа кеткенде балаларының үлкені небәрі тоғыз жаста еді.
Иван Чередник Сталинградтық 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 209-шы гвардиялық Абганеровск полкі 1-ші атқыштар батальонында пулемет бөлімінің командирі болды.
Ол 1944 жылдың 27 тамызында Кокошен жерінде болған қиян-кескі ұрыста қаза тапты.
Молдавияның ауыл тұрғындары даладан жауынгерлер зиратын байқап, сол жерге «Август» іздеушілер тобын шақырған. Қазба жұмыстары кезінде бұл жерде қызыл әскерлер жерленгені белгілі болды. Қабірден бірнеше жауынгердің сүйектері табылған. Атамды «Ерлігі үшін» нөмірлі медалі арқылы анықтаған. Сонымен қатар, «Үздік пулеметші» белгісі де табылған. Мұрағатқа сұрау салу кезінде соңғы ұрыста гвардия кіші сержанты Иван Чередник қаза болғаннан кейін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталғаны анықталды, - деді батырдың немересі Александр Николаевич Чередник.
Марапаттау қағазында 1944 жылы 27 тамызда Кишинев облысы, Кокошен ауылының маңында неміс қоршауына қарсы ұрыста кіші сержант Чередник бұрын-соңды болмаған ерлік көрсеткені жазылған. Жауға қарсы төрт мәрте батыл шабуыл жасаған. Бұл шайқаста ол өз шебінен бір қадам алыстамай, ерлікпен қаза тапқан.
Жауынгердің сүйегі Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы елшілігінің жәрдемімен Молдовадан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіліп, құрмет қарауылының алып жүруімен соғыс батырының туған жеріне жіберілді.
9 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында барлық жауынгерлік дәстүрді сақтай отырып жерлеу рәсімі өтті. Оған батырдың немерелері Александр мен Владимир Чередниктер, жергілікті атқарушы органдарының, қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, қалалық ардагерлер кеңесінің, Ұлттық ұланның өкілдері қатысты.