Соғыс ардагерлеріне берілетін әлеуметтік көмек көлемі артты

9 Қыркүйек 2022, 14:37
1520
Бөлісу:
Соғыс ардагерлеріне берілетін әлеуметтік көмек көлемі артты

Атырау облысында ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері артты, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.  

Мұнайлы өңірден соғысқа қатысқан 1073 ардагерге енді жыл сайын 150 000 теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, коммуналдық төлемдерді өтеу үшін ай сайын 35 000 теңгеден  үлестіріледі. Бұған дейін, ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлері әр жыл сайын 100 мың теңге алып келген. Қаржы көлемін арттыру бойынша облыс әкімі Серік Шәпкенов шешім шығарған.

Әу баста коммуналдық шығындарымыз үшін 10 мың теңгеден берілетін. Қазір 35 мыңға дейін көтерілді. Бұл аудан мен шалғай ауылдарда тұратын ардагерлер үшін өте керемет жаңалық. Мен басқа өңірлердің осы санатқа жататын азаматтарымен де байланысып отырмын, олардың бәріне бірдей мұндай сомадағы қаржы төленбейді. Яғни оны әр облыстың басшылары жергілікті бюджеттен қарастырып, бөліп отыр. Қазір азық-түлік болсын, жол ақысы болсын күннен-күнге артып барады. Қымбатшылық қысқанда бұл бізге үлкен көмек болды, - дейді "Атырау облысы бойынша Таулы Карабахтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан іс-қимылдарының ардагерлері" ҚБ төрағасы Әділхан Өтеғалиев. 

Айта кетейік, мұнайлы өңірде  ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген 1073 адамнан тұратын бес топ бар. Оның ішінде 451 - Ауған соғысына, 324 - Тәжік-Ауған аумағындағы соғысқа, 3 - Ирактағы халықаралық бітімшілік операцияларына, 106 - Таулы-Қарабахтағы эносаралық қақтығысты реттеуге және 189 - Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан.

Өзгелердің жаңалығы