Софья Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде 11-орынды иеленді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламада 61,03 ұпай жинады.

 ҚР ҰОК 15 Қараша 2026, 18:21
15 Қараша 2026, 18:21
66
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясы кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады. Нәтижесінде ол 61,03 ұпай жинап, 11-орынға орналасты.

Аралық хаттамада жапониялық Ами Накаи 82,20 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында бейтарап мәртебеде өнер көрсететін ресейлік Александра Игнатова – 74,24 ұпай.

Үздік үштікті 73,92 ұпай жинаған Оңтүстік Корея өкілі Ким Ю Чжэ түйіндеді.

Мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарламаны 16 қарашаға қараған түні орындайды.

Наверх