Нигерияда содырлардың шабуылынан 65 адам қаза тапты

29 Шілде 2019, 09:49
1639
Бөлісу:
Нигерияда содырлардың шабуылынан 65 адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. "Боко Харам" лаңкестік ұйымының содырлары жерлеу рәсімі жүріп жатқанда шабуыл жасаған. Салдарынан 65 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы ондаған адам жарақат алған. Бұл туралы RT хабарлады.

Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, шабуыл сенбі күні Борно штатының солтүстік-шығысында болған.

Нигерия президенті Мохаммад Бухари содырлардың әрекетін айыптап, елдің әскерилеріне әуеден бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, шабуыл жасағандарды іздеу үшін арнайы операция жүргізуді бұйырды.

2018 жылдың қыркүйегінде "Боко Харам" содырларының шабуылынан 30 әскери қызметкер қаза тапқан.

Өзгелердің жаңалығы