Сочи тұрғындарын эвакуацияға дайындап жатыр
5 Шілде 2021, 13:48 834

Сочи тұрғындарын эвакуацияға дайындап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғындарға эвакуацияға дайын болу керектігі туралы хабарлама таратылды, деп хабарлады ria.ru.

Краснодар өлкесінің жедел штабы хабарлағандай, қауіпті су деңгейі Сочидің Хорота және Мацеста өзендерінде тіркелген. Тұрғындарға эвакуацияға қажет заттарды жинап қою туралы нұсқаулық берілді.

Сочидің Адлер және Хостинск аудандарында ұзақ жауын-шашынның салдарынан Хорота және Мацеста өзендерінің деңгейі күрт көтеріліп келеді. Су тасқыны және өзендердің жағадан шығу ықтималдығы туралы халықты хабардар ету үшін арнайы қондырғылар қосылды. Тұрғындардан сабырлық сақтауды, ал эвакуация қажет болған жағдайда, құжаттар мен қажетті заттарды дайындап қоюды сұрадық, - делінген хабарламада.

Төтенше оқиғаға байланысты халыққа көмек көрсету үшін Кубань құтқару экипаждары мен Сочидегі құтқару қызметі кезекшілік етуде.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...