Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сочидегі Адлерде ресейлік журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак отырған көлік жол апатына ұшырады, қаза тапқандар бар. Бұл туралы Lenta.ru хабаралады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Адлерден Красная Полянаға дейінгі жолда Mercedes пен Volkswagen көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан Volkswagen жолаушысы қаза болды, қалғандары ауыр халде ауруханаға жеткізілді.