Соғыс жылдары қаза тапқан жауынгердің мәйіті қазақстанға жеткізіледі

20 Тамыз 2020, 22:47
1063
Бөлісу:
Соғыс жылдары қаза тапқан жауынгердің мәйіті қазақстанға жеткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары қаза тапқан қазақстандық сарбаздың мәйіті туыстарына табыстады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Жауынгердің мәйітін 2019 жылғы желтоқсан айында Тверь облысы Зубцовский ауданының Михеево ауылының маңайынан мәскеулік «Витязь» іздеу отрядының жауынгерлері тапқан болатын.

Сарбаз медальонының ішіндегі бланктің жақсы сақталғандығының арқасында жауынгер туралы деректерді бірден анықтауға мүмкін болды, ол 1917 жылы туылған Қазақ КСР Арал ауданынан шақырылған Жиенбаев Келіс екені анықталған.

«Витязь» іздеу отрядының командирі Дмитрий Федосовтың ақпараты бойынша, қазақстандық жауынгер Батыс майданының 31-армиясының 180-ші атқыштар дивизиясында соғысқан және 1942 жылғы тамызда Бірінші Ржев-Сычев операциясы барысында Михеево ауылы үшін болған ауыр шабуылдау шайқасы кезінде қаза тапқан.

Сарбаздың туыстары табылды. Енді оны Отанында сый-құрметпен қайта жерлеу жоспарланып отыр.

Д.Федосов атап айтқандай, Келіс Жиенбаев «Витязь» отряды отанына қайтарып отырған бірінші қазақстандық. Бұдан бұрын отряд біздің отандастарымызды бауырластар зираттарынан тапқан және бірқатар себептермен олардың сүйектерін Отанына қайтару мүмкінсіз болған.

«Витязь» отряды 1996 жылдан бері жұмыс атқарып келеді, қазіргі уақытта жас шамалары мен кәсіптері әртүрлі 60 еріктілерді біріктіріп отыр және Мәскеу, Тверь және Смоленск облыстарының аумақтарында іздеу жұмыстарымен дәстүрлі түрде айналысады.

Өзгелердің жаңалығы