Сноуден Ресейде тағы үш жылға қалғысы келеді

16 Сәуір 2020, 18:35
1216
Бөлісу:
Сноуден Ресейде тағы үш жылға қалғысы келеді

Алматы, BAQ.KZ. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Ресейде тұру уақытын тағы үш жылға созу үшін өтініш білдірді. Бұл туралы оның адвокаты Анатолий Кучерен мәлім етті.

Адвокаттың айтуынша, Сноуденнің ол елде тұру мерзімі сәуір айында аяқталатын көрінеді. Оның үстіне коронавиурсқа байланысты өзін оқшаулауға мәжбүр болған клиенті бір қатар құжаттар бойынша мәселесін шеше алмай отыр екен.

Біз елдегі жағдайды түсінеміз және оған түсіністікпен қараймыз. Дгенемен көші-қон қызметінің шешімін күтіп отырмыз, - дейді Кучерен. 

Сондай-ақ ол, Сноуден мен оның жары өзін оқшаулау режимін сақтап, ешқайда шықпай отырғанын айтты.

Ол мұндайға әбден үйренген, өйткені көп жылдан бері қашықтан жұмыс істеуде, - дейді адвокат.

Сноуден 2013 жылы Америка арнайы қызмет өкілдерінің электрондық бақылау әдістері туралы мәліметті көпшілікке жариялаған еді. Осыған байланысты оны отанында сатқын санайды. Ресей өз аумағынан саяси баспана берген.

РФ аумағында жүрген Сноуден үйленіп, жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ 2019 жылдың күзінде кітабын жарыққа шығарды.
Өзгелердің жаңалығы