Смайылов Жетісудағы инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты

25 Ақпан 2023, 10:20
1878
Бөлісу:
Смайылов Жетісудағы инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты
PHOTO
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің бірқатар инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет басшысы қаладағы 1981 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Басқуат» қазандығына барды. 

Смайылов Жетісудағы инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты

Қуаты шамамен 200 Гкал/сағ. болатын қазандық бүгінде: 500-ден астам көп пәтерлі және 1 000 жеке тұрғын үйді 20 мектепті 25 балабақшаны 10 аурухананы 90 әкімшілік ғимаратты жылумен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар Талдықорғандағы құрылыс жұмыстарының қарқыны мен жыл сайынғы жүктеменің ұлғайып келе жатқанын ескере отырып, қазандық қуатын сағатына 300 Гкал-ға дейін арттыру және объектіні газға ауыстырып, жаңғырту жоспарланып отыр. 

Смайылов Жетісудағы инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты

Қазандықты газға ауыстырудың маңызы зор, бұл өнімділікті жақсартып, экологиялық мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қосады. Облыс әкімдігі жоба бойынша жұмысты жеделдетуі керек. Үкімет өз тарапынан қажетті көмек көрсетеді, — деді Үкімет басшысы. 

Одан кейін Премьер-Министр кабельдік-өткізгіш өнімдердің түрлерін шығаратын «Талдықорғанкабель» кәсіпорнының жұмысымен танысты. 

Смайылов Жетісудағы инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты

Зауыт өз өнімдерін Қазақстанның барлық өңірлеріне, сондай-ақ Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан, Польша, Ресей, Өзбекстан және басқа да бірқатар елге шығарып отыр.

 Талдықорғандағы шағын аудандардың бірінде Әлихан Смайылов халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар үшін салынған 60 пәтерлік тұрғын үйді аралап көрді. 

Смайылов Жетісудағы инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты

Үкімет басшысы 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста құрылыс жұмыстарының көлемі 4%-дан астам өскенін атап өтті. 

Смайылов Жетісудағы инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты

Сапар барысында Үкімет басшысы Ақшатоған ауылындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің жұмысымен танысты. 

Смайылов Жетісудағы инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты

Онда биылғы қаңтар айынан бастап жергілікті тұрғындар медициналық көмек пен екпелердің негізгі түрлерін ала алады.

 Алдағы үш жылда өңірде тағы 118 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 59 медициналық нысан ашу жоспарланып отыр. 

Өзгелердің жаңалығы