Смайылов Ұлттық экономика министрлігіне тапсырма берді

12 Қаңтар 2022, 10:07
1237
Бөлісу:
Смайылов Ұлттық экономика министрлігіне тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ұлттық экономика министрлігіне нақты тапсырмалар  берді.

Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін шешу бойынша нақты міндеттерді белгілеп берді. Президенттің тапсырмалары мен бастамалары қоғамның қажеттіліктері мен қазіргі заманның сын-қатерлеріне негізделген.  Оларды іске асыру экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсартудың бірден-бір жолы болмақ, -деді Смайылов.

Ол осы кезеңге орай,  бірінші басшылар мынадай мәселелерге назар аударғаны жөн екенін айтты.

Біріншіден, Мемлекет басшысы үш апта ішінде Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын дайындауды тапсырды.  Бағдарламада жоспарланатын шаралар осы жылы іске асырылуы тиіс. Құжатты өте сапалы деңгейде пысықтау қажет. Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірге Бағдарлама жобасын әзірлеп, осы жылғы 20 қаңтарға дейін Үкіметке енгізуді тапсырамын, -деді Премьер-министр.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәсілдері мен кейбір даму институттарының қызметін түбегейлі қайта қарауды тапсырды.  

Сол себепті Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің ашық әрі түсінікті механизмін барынша қысқа мерзімде дайындауды және даму институттары жұмысының тиімділігіне талдау жүргізуді тапсырамын, -дейді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы