Смайылов: Үкімет жұмысының басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру

11 Қаңтар 2022, 11:46
1473
Бөлісу:
Смайылов: Үкімет жұмысының басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жаңадан тағайындалған Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Экономикалық өсімді орта мерзімді уақытта 5 пайыздық деңгейге жеткізу үшін тиімді жұмыс атқарылады. Ұлттық инновациялық және индустриялдық инфрақұрылымдық жобаларға отандық және шетелдік инвесторларды тарту үшін елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру саясаты жалғастырылатын болады. Кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту мен жалақыларды көтеру жөніндегі кешенді шаралар азаматтардың нақты табысының өсуіне ықпал етеді,- деп мәлімдеді Смайылов. 

Оның айтуынша, Үкімет жұмысының басты мақсаты  - халықтың әл-ауқатын арттыру. 

Сол себепті мемлекеттік бюжет тиісті шараларға көзделетін болады. Алдымызда әлі коронавирус пандемиясын еңсеру міндеті тұр. Халықты вакциналау және ревакцинация жұмыстары жалғасады, - деді Премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы