Смайылов Түркістанның ең ірі бақтарының біріне барды

17 Қазан 2023, 16:51
599
Бөлісу:
Смайылов Түркістанның ең ірі бақтарының біріне барды
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жалпы ауданы 400 гектар болатын қара өрік бақтарының біріне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгінгі таңда бау-бақша нысанының қуаты гектарына 20-30 тонна өнімді құрайды. Мұнда заманауи технологияларға сәйкес бірнеше жыл бойына өнім беретін сорттар отырғызылды. 

Смайылов Түркістанның ең ірі бақтарының біріне барды

Маусымдық кезеңде кәсіпорында 120 адам еңбек етеді, 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Премьер-министр республиканың ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру аясында Үкімет осындай жобаларға қолдау көрсетуді, оның ішінде ауыл халқының табысын ұлғайтуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде де қолдау шараларын жалғастыратынын атап өтті.

Смайылов Түркістанның ең ірі бақтарының біріне барды

Сондай-ақ Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Кентау қаласының ЖЭО-сына барып, ондағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысты.

Кентау ЖЭО-сы 3 мыңнан астам нысанды, оның ішінде көп қабатты және жер үйлерді, коммерциялық және бюджеттік ұйымдарды жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта мұндағы 6 қазандыққа соңғы 10 жылда бірінші рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.

«Бүгінгі таңда 4 қазандық толығымен дайын. Қалада жылыту маусымы жоспар бойынша 1 қарашадан басталуы керек. Сонымен қатар қосымша 2 қазандық күрделі жөндеуден өтеді, бұл да ЖЭО жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр облыс әкімдігіне жылыту маусымының қалыпты өтуі үшін жабдықтардың барлығын жедел және сапалы түрде іске қоса отырып, тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Бұған дейін Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапарымен барғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы