Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов халық мәселесін шешіп бере алмаған облыс әкімдері туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Ел ішінде әкімдердің кездесулерін асыға күтеді, өйткені сұрақтардың көпшілігі жергілікті жерлерге қатысты. Сондықтан, олар жаңа форматта өткізіліп жатыр. Яғни, әкімнің өзі аудандарға жиі шығып, халықпен кездесіп тұратын болады. Бұл қатысушылар санын айтарлықтай арттырып, көп мәселені шешуге мүмкіндік береді. Есептерге қарасақ, әкімдермен кездесулерде проблемалардың шамамен 99 пайызы шешімін табады, - деді Смайылов.
Үкімет басшысының оң нәтиже көрсеткен Ақтөбе, Қостанай облыстары және Алматы қаласын атап өтті.
Ал Алматы, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тұрғындардың проблемасын шешу көрсеткіштері әлі де төмен. Биылдан бастап мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі «Халықпен кездесу» индикаторы бойынша бағаланады. Осыған қарап, олардың жұмысының нәтижесін көрсетуге болады. Сонымен қатар, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түсетін азаматтардың арыздарына қарайтын болсақ, басқаша жағдай қалыптасып отыр, - деп мәлімдеді Премьер-министр.