Смайылов қай саланы тексеріп жатқанын айтты

30 Қазан 2024, 14:26
550
Бөлісу:
Смайылов қай саланы тексеріп жатқанын айтты
Фото: BAQ.KZ - архив

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов қай салаларда аутиторлық іс-шаралар жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Палата 9 айда 18 аудиторлық іс-шара өткізген.

Жыл соңына дейін бірқатар аудиторлық іс-шара жүргізу жоспарланып отыр. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігі мәселесі бойынша желтоқсан айында Мәжілістің отырысына қатысамыз. Көлеңкелі экономикаға қарсы шаралардың жүзеге асырылу тиімділігі мәселесін де жүргізіп жатырмыз. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімділігі де бар, - деп айтты Смайылов.

Сонымен қатар, палата ұлттық гвардия мен оған бағынысты ведомстволарда аудит жүргізіп жатыр. Палата олардың нәтижесі туралы алдағы уақытта қоғамға ақпарат береді.

Өзгелердің жаңалығы