Смайылов қай өңірлерде NEET санатындағы жастар көп екенін айтты

11 Қазан 2022, 12:11
987
Бөлісу:
Смайылов қай өңірлерде NEET санатындағы жастар көп екенін айтты

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша  NEET санатындағы жастардың саны   Ұлытау,  Шығыс Қазақстан,   Қарағанды,   Қызылорда,   Жамбыл   және Алматы облыстарында көп. Ал, бұл өңірлерде мамандарға сұраныс көп. Аталған облыстардың әкімдіктері   жастарды оқытып, жұмысқа орналастыру мәселесін жеке бақылауға алсын. Жастарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы   жеткілікті ақпарат берілмейді. Сондықтан   осы бағытта   ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту қажет, – деді Премьер-министр.

Сондай-ақ жұмыспен қамту бағытында Үкімет басшысы бірқатар министрлікке тапсырма берді.

Біріншіден, Еңбек министрлігі   халықты,   әсіресе жастарды   жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін әзірлесін. Бұл тәсілдерді   Еңбек нарығын дамытудың   кешенді жоспарының жобасына енгізу қажет. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қызметтердің   қолжетімді болуы мен   сапасын арттыру шараларын қабылдау керек. Оларды автоматтандырып,   қарау мерзімдерін қысқарту қажет, – деді Смайылов.

Екіншіден, Премьер Еңбек, Цифрлық даму министрліктері мен әкімдіктер   жұмыспен қамту саласының   инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Үшіншіден, біз  жұмыспен қамту идеологиясын,   қоғамдағы   еңбекке деген көзқарасты   өзгертуіміз керек. Ақпарат министрлігі   Еңбек министрлігімен бірлесіп,   еңбек адамының оң имиджін,   барлық кәсіптердің құндылығын   қалыптастыру мәселелерін пысықтауы қажет. Жұмыспен қамтуды ынталандырудың бұл шараларын   қоғамда   Еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілету жөніндегі   кешенді жоспардың жобасына енгізу керек, – деді ол Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы