Смайылов Маңғыстау облысындағы су тапшылығын шешуге қатысты пікір білдірді

25 Қаңтар 2022, 10:03
1413
Бөлісу:
Смайылов Маңғыстау облысындағы су тапшылығын шешуге қатысты пікір білдірді

«Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларын іске асыру кезінде жергілікті халық оң өзгерісті сезіну керек.

Атырау облысы бойынша электр желілерінде жиілеп кеткен аварияларды  одан әрі болдырмау үшін тиісті шаралар қабылданады. 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Шамамен 8,3 трлн теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр, - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Маңғыстау облысында су тапшылығын ескере отырып, су тұщытатын 9 зауыт пен қондырғыны салу және кеңейту көзделіп отыр. Сондай-ақ 55 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Құжаттарда негізінен бюджеттен тыс қаражатты тартуға басымдық беріліп отыр және бұл өте құптарлық жайт екенін атап өткім келеді. Ең бастысы өңір халқы оң өзгерістерді барынша сезінулері тиіс, болашаққа сеніммен қарап, жұмыс істеп, табыс тауып, өздерінің бизнестерін дамытып, жақсы емделіп, сапалы білім алуы тиіс, - деді Үкімет отырысында Әлихан Смайылов.

Халықтың тұрмыс сапасын айтарлықтай жақсарту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану қажет.

Құжаттарды жалпы мақұлдаймыз. Ұлттық экономика министрлігіне, әкімдіктерге, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кешенді жоспарлардағы іс-шараларды уақытында және сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырамын, - деп бұйырды Смайылов.

Еске салайық, бүгін Үкімет отырысында Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларының жобалары ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы