Смайылов «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ басшысымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды талқылады

2 Ақпан 2022, 13:16
794
Бөлісу:
Смайылов «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ басшысымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Премьер-министр Әлихан Смайылов «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен кездесу өткізді.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

 Тараптар көмірсутек шикізатын барлау, өндіру және тасымалдау, сондай-ақ мұнай және газ өңдеу салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың жай-күйі мен перспективасын талқылады.

Қарашығанақ жобасын әрі қарай дамытуға, «Қаламқас теңіз» және «Хазар», «Хвалынское», «Орталық», «Жеңіс» және «Әл-Фараби» («1-Р-2») жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Ә. Смайылов «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ-тың тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамтуды барынша пайдалануының, сондай-ақ ҚР аумағында жобаларды іске асыру кезінде заманауи экологиялық таза технологияларды қолдануының маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы