Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлихан Смайылов Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есебін тыңдады.
Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің цифрлық кеңсесінде Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ АЭА жұмысының тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес өткізген болатын.