Смайылов екі министрге үйіп-төгіп тапсырма берді

16 Тамыз 2022, 11:50
1425
Бөлісу:
Смайылов екі министрге үйіп-төгіп тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов екі министрге тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жаңа оқу жылына дайындықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданды. Сонымен бірге мына мәселелерге назар аудару керек. Білім беру нысандарының бәрі оқу жылына  100% дайын болуы тиіс. Оқу-ағарту,  Ғылым және жоғары білім министрлері,  өңір әкімдері  бұл мәселені ерекше бақылауға алуы тиіс, - деді Смайылов.

Премьер-министр өңір әкімдіктері  білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелерін Ішкі істер органдарының  жедел басқару орталықтарына шығаруды жеделдетуі қажетін айтты. 

Сонымен қатар мектептерді күзетуге лицензияланған ұйымдарды тарту жөніндегі  талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін. Оқу-ағарту министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, білім беру бағдарламасына Жол қозғалысы ережелерін үйретуді   міндетті түрде енгізу және жұмыс істеп жүрген инспекторларды  осы жұмысқа тарту мәселесін қарасын. Өңір әкімдіктері көмекке мұқтаж балаларды мемлекеттік қолдау шараларымен 100% қамтамасыз етуі қажет, - деді ол. 

Смайылов атағандай, мектеп тауарларын төмен бағамен сату үшін мектеп жәрмеңкелерін және шалғай ауылдарға шығатын автодүкендерді ұйымдастыру қажет.

Өңір әкімдіктері  мектептерге оқулықтардың қажетті санын жеткізуді қамтамасыз етсін. Асхат Қанатұлы, барлық оқушының   1-ші қыркүйекке дейін  толық оқулықтар жиынтығын алуын қадағалаңыз. Ғылым және жоғары білім министрлігі және  өңір әкімдіктері жоғары оқу орындары мен     колледждердің басқа қалалардан келген студенттерін  жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету жөнінде барлық шараны қабылдасын, - деді Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы