Смайылов: Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті қатаң қадағалауы тиіс

1 Ақпан 2022, 09:31
1329
Бөлісу:
Смайылов: Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті қатаң қадағалауы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов хабарлады. Оның айтуынша, індеттің таралу деңгейі әлі де жоғары. 

Коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталмай тұр. Індеттің таралу деңгейі әлі де жоғары. Өңірлердің басым бөлігі «қызыл» аймақта. Аурудың ең жоғары деңгейі Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр. Сондықтан эпидемиологиялық жағдайды әрі қарай бақылауда ұстау  қажет, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сондай-ақ Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнестің дамуына кедергі келтірмеу үшін карантиндік шектеулер қайта қаралып, азайтылғанын алға тартты. 

Бірақ босаңсуға болмайды. «Атамекен» палатасы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан бизнеспен жұмыс жүргізгені жөн. Кәсіпкерлер жұмысына аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сауда немесе тамақтану орындарында, өндіріс алаңдарында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қатаң сақталуы керек. Мұны бизнестің өзі қадағалауы тиіс,  өйткені әлеуметтік жауапкершілік бірінші кезекте  бизнестің өзі үшін қажет, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы