Смайылов 600 млн теңгеге салынған баспанаға әлі ешкім қоныстанбағанын айтты

5 Маусым 2024, 11:17
4017
Бөлісу:
Смайылов 600 млн теңгеге салынған баспанаға әлі ешкім қоныстанбағанын айтты
Фото: Артём Чурсинов -архив

Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов 2023 жылғы республикалық бюджеттің қалай атқарылғаны жайлы есеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, жергілікті атқарушы органдарға өңірдегі міндеттерін шешу үшін дербестік берілді. Дегенмен трансферттердің орталық деңгейде жоғары игерілуі жекелеген жағдайда өңірлерде төмен нәтижелігін көрсетіп отыр. Нысаналы трансферттерді жалпы сипаттағы трансферттер базасына беру есебінен өңірлерге берілетін сувенсия шамамен 5 трлн теңге болды. Олар соңғы 3 жылда 2 еседен артық өсіп отыр.

Нысаналы транферттерді шамамен 2 трлн теңге болды. Оның орындалуы едәуір жоғары – 98%. Ал іс жүзінде қалай? Бюджеттік тәртіп төмен деңгейде тек 4 өңірде Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында жүргізілген аудит нәтижесінде бюджеттік инвестициялық жобалардың 27%-ында құрылыстың нормативті мерзімінің сақталмағаны анықталды, - деп айтты Бас аудитор Мәжілісте.

Смайылов атап өткендей, кейбір жобалар 10 жылға жуық іске асырылып, созылып келеді. Уақытында аяқталмаған жобалардың 60%-дан астамы қымбаттағаны анықталды. Сөзінше, инженерлік және инфрақұрылымдық маңызды жобаларды іске асыру кезінде өңірлердің сылбырлығы неге алып келетінін анықтау әлі де керек. Осы 4 өңірде орындалмаған жұмыс көлемі үшін шамамен 3,4 млрд теңгеге төлем жасалған.

Сондай-ақ өңірлерде өте маңызды және қажет объектілердің мақсатына сай пайдаланылмаған фактілері тіркелді. Мысалы, Семей қаласында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы салдарынан жанар-жағармай станциясына жақын орналасқандықтан 2023 жылы 1,7 млрд теңгеге салынған орталық қазандығы пайдаланылмай тұр. Жезқазған қаласында құрылысты тоқтату салдарынан 2023 жылы шамамен 600 млн теңге салынған тұрғын үйге әлі күнге дейін ешкім қоныстанбаған. Мұны тек сылбырлық деп айта аламыз, - дейді ол.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов атап өткендей, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тәртіп орнату керек. Жобалардың орындалу мерзімін ұзарту олардың қымбаттау тәжірибесін шектеу керек. Жобаларды жоспарлаудан бастап, оларды іске асырудың басталуына дейінгі мерзімді қысқартқан жөн.

Өзгелердің жаңалығы